Alumni NIS
01jwze83edngwd8hswy2yy6x8y
Көрнекті түлектер

Бекин Омар

Профиль

Қазақстандағы «Халық алғысы» медалінің ең жас иегері – Көкшетаулық 17 жастағы волонтер

КӨКШЕТАУ. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстандағы «Халық алғысы» медалінің ең жас иегері – Көкшетау қаласының 17 жастағы волонтері Омар Бекин. Оны айналасындағыларға көмектесуге не жетелегені және алдағы жоспарлары туралы жас волонтер «ҚазАқпарат» тілшісіне айтып берді.

Қазіргі таңда Омар Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Сабақ үлгерімінде ешқандай мәселе жоқ. Ол информатика, математика және бағдарламалауға қызығады. Ал бос уақытының барлығын айналасындағыларға көмектесуге арнайды.

«Мен 10-сыныпта оқып жүрген кезімде мектебімізде жастармен кездесулер өтетін. Бізге түрлі ұйымдардың өкілдері, соның ішінде «Думан» педагогикалық жасағының мүшелері де келетін. Жалпы, қоғамдық қызметке деген алғашқы қадамым дәл осы жасақтан басталды. Мен сол жерге барып, тәлімгер болу бойынша дайындықтан өттім және өткен жаздың барлығын балалар лагерлерінде өткіздім. Ал 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап волонтерлік қызметке қызығушылығым арта түсті. «Jas Otan» жастар қанатына қосылдым, содан бері сол ұйымның қатарындамын», – деді Омар «ҚазАқпарат» тілшісіне.

Олардың атқаратын жұмыстарының ауқымы өте кең. Үйін жинауға немесе дүкенге баруға мүмкіндігі жоқ қарт адамдарға көмектесуден бастап, денсаулығында мәселелері бар балаларға қолдау көрсетуге дейін түрлі жұмыстар атқарылады. Жастар «Қамқор» арнайы жобасын жүзеге асырып, оның аясында медициналық-әлеуметтік мекемелерге барып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына да көмектеседі.

«Өкінішке қарай, карантин кезінде бұл жұмыстардың барлығы тоқтап қалды. Бірақ мүмкіндік туған кезде бұл тәжірибені қайта жалғастырамыз деп ойлаймын. Сонымен қатар, біз қала көшелерін жиі тазалаймыз. Жеке өзім НЗМ-дегі достарыммен бірге мектебіміздің маңындағы ауланы тазалаған кезім болды. Біз ол жерден жиі өтетінбіз және айналаның лас екенін байқайтынбыз. Бір күні тұрғындарға үлгі болу үшін сол жерді өзіміз тазалап тастауды шештік», – деп жалғастырды волонтер.

Бүгінде Омар – «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Көкшетау қалалық бөлімшесінің жетекшісі, Ақмола облыстық «Думан» педагогикалық жасағының аға тәлімгері және Қазақстан жас патриоттары академиясының мүшесі.

Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ол «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

«Мені осы марапатқа ұсынатындарын айтқан сәт әлі есімде. Мен партияға жай ғана бір нәрсеге көмектесу үшін барған едім. Сол кезде менен жеке мәліметтерімді сұрай бастады. Алғашында мұны аса маңызды нәрсе деп ойламадым. Бірақ бұл медальді Қасым-Жомарт Тоқаевтың табыстайтынын айтқанда, қатты таңғалдым әрі ыңғайсызданып қалдым. Өйткені волонтер ретінде еңбек етіп жүрген жастар өте көп. Бірақ қандай да бір себеппен мені және тағы үш адамды марапатқа ұсынды. Мұндайды күтпедім. Себебі мен волонтер ретінде өзім үшін, ешқандай марапат күтпей жұмыс істеп жүрмін деп есептейтінмін», – дейді Омар.

Дегенмен бұл – жас жігіттің жалғыз марапаты емес. Коронавирус пандемиясы кезінде атқарған еңбегі үшін ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатына және партияның Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің Алғыс хатына ие болған.

Омар «Елбасы» бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы басталған кезде бірнеше ай бойы күн сайын азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізу жұмыстарына қатысқан. Оның өзі 500-ден астам қорапты тұрғындарға жеткізген.

«Өмірімнің мақсатын былай анықтар едім: әлемді жақсы жаққа өзгерткім келеді. Бұл өте ауқымды естілетінін білемін. Әзірге қай оқу орнына түсетінімді нақты білмеймін. Егер шетелде білім алсам да, міндетті түрде елге ораламын. Мұны өзім үшін анық шешіп қойдым. Жақсы білім алып, басқа елдердің тәжірибесін Қазақстанның дамуына пайдаланғым келеді. Қазір екі бағытты қарастырып жүрмін: халықаралық қатынастар немесе информатика. Дегенмен саяси қызметке көбірек бейім сияқтымын», – дейді Омар.

Жас волонтердің айтуынша, бүгінгі жетістіктеріне ата-анасының дер кезінде қолдау көрсетіп, бастамаларына сенім білдіруі, сондай-ақ оның тәлімгері – «Jas Otan» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешевтің ықпалы зор болған.

«Біреуге көмектескен кезде сезінетін эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл жай ғана қуаныш немесе қанағат сезімі емес. Ішіңді жылытатын ерекше бір сезім пайда болады. Қарапайым ғана әрекетің арқылы басқа адамның өмірін әлдеқайда жақсы ете алғаныңды түсінесің. Мүмкін, ол адам да осыдан кейін қандай да бір нәрсеге деген көзқарасын өзгертетін шығар.

Барлық оқырманға бір өтінішім бар. Қазір еліміз үшін өте қиын кезең. Бірақ айналасындағыларға көмектесуге мүмкіндігі бар, ықпалды адамдар көп. Неге сол көмекті көрсетпеске? Елбасы айтқандай, «Біз біргеміз». Біз бірге болсақ, кез келген қиындықты жеңу әлдеқайда оңай. Қандай да бір жолмен көмектесуге тырысып жүрген адамдарды сынаудың немесе сөз етудің қажеті жоқ. Жағдайға әр қырынан қарауға тырысып, егер мүмкіндігіңіз болса, волонтер болуға ұмтылыңыз», – деп сөзін қорытындылады Омар.

Көрнекті түлектер

  • Жаңартылды2026 ж. 11 қараша

Басқа профильдер

01kf36cnc714nqfpss2jaw2jca

Куаныш Маден

Киноға арналған постерлер қалай жасалады? Үш дизайнер «Оскар» иегерлері мен қазақстандық фильмдердің постерлерінің идеяларын түсіндіреді «Оскар» сыйлығында «Үздік фильм постері» номинациясы жоқ. Тіпті 1929 жылы алғашқы марапаттау рәсімінде болған «Үздік титрлар тізбегі» номинациясы да 1930 жылы алынып тасталған. Сондықтан 2025 жылы біз эксперимент жүргізуді ұйғардық: қазақстандық дизайнерлерге «Оскар-2025» сыйлығына ұсынылған фильмдердің барлық постерлерін ұсынып, олардың ішінен үздіктерін таңдауды сұрадық. Постер жасау — тұтас бір фильмнің әлемін бір ғана визуалды бейне арқылы жеткізу өнері. Сәтті жасалған постер фильм тарихының бір бөлігіне айналып, кинотеатрдан шыққанымыздан кейін де ұзақ уақыт бойы есте қалады. «Менің атым Қожа», «Патруль» және «Shulamah» фильмдерінің постерлерімен жұмыс істеген дизайнер Қуаныш Маденнің айтуынша, оларды жасау процесі көбіне қысқа мерзімде және шектеулі ресурстармен жүзеге асады. «Кейде түсірілім жұмыстары әлдеқашан аяқталғандықтан, постерлерді скриншоттардан құрастыруға тура келеді. Сапаны жақсарту және эффектілерді қосу көп уақытты талап етеді», — дейді ол. «Мерген», «Қара, қара адам» және «1941 жылдың жазы» фильмдеріне постер жасаған Әсем Рамазанова типографиканың рөліне назар аударады: «Қаріп — жай ғана мәтін емес, визуалды стильдің маңызды элементі. Батыстық постерлерде фильмнің көңіл күйін жеткізуге көмектесетін эксперименталды, қолжазба немесе минималистік қаріптерді қолдану үрдісін байқауға болады». «Тараз», «Ёлки 8» және «Жауап бер» фильмдерінің постерлерінің авторы Игорь Юг қазақстандық кино дизайнерлерінің негізгі тәсілі туралы былай дейді: «Көрермен фильмнің жанрын бірден түсініп, оның эмоциясын сезінуі маңызды. Қазақстанда постерлер көбіне танымалдық пен бірден тануға бағытталады: актерлердің ірі портреттері және түсінікті түстік шешімдер қолданылады». Әлемдік киноиндустрияда көптеген детальдары, кадр тереңдігі және әсерлі визуалды тәсілдері бар күрделі композицияларға деген үрдіс жалғасып жатқанда, Қазақстанда қарапайымдылық пен нақтылыққа басымдық беріледі. Ендеше, «Оскар-2025» номинанттарының қай постерлерін қазақстандық дизайнерлер үздік деп бағалады?Киноға арналған постерлер қалай жасалады? Үш дизайнер «Оскар» иегерлері мен қазақстандық фильмдердің постерлерінің идеяларын түсіндіреді «Оскар» сыйлығында «Үздік фильм постері» номинациясы жоқ. Тіпті 1929 жылы алғашқы марапаттау рәсімінде болған «Үздік титрлар тізбегі» номинациясы да 1930 жылы алынып тасталған. Сондықтан 2025 жылы біз эксперимент жүргізуді ұйғардық: қазақстандық дизайнерлерге «Оскар-2025» сыйлығына ұсынылған фильмдердің барлық постерлерін ұсынып, олардың ішінен үздіктерін таңдауды сұрадық. Постер жасау — тұтас бір фильмнің әлемін бір ғана визуалды бейне арқылы жеткізу өнері. Сәтті жасалған постер фильм тарихының бір бөлігіне айналып, кинотеатрдан шыққанымыздан кейін де ұзақ уақыт бойы есте қалады. «Менің атым Қожа», «Патруль» және «Shulamah» фильмдерінің постерлерімен жұмыс істеген дизайнер Қуаныш Маденнің айтуынша, оларды жасау процесі көбіне қысқа мерзімде және шектеулі ресурстармен жүзеге асады. «Кейде түсірілім жұмыстары әлдеқашан аяқталғандықтан, постерлерді скриншоттардан құрастыруға тура келеді. Сапаны жақсарту және эффектілерді қосу көп уақытты талап етеді», — дейді ол. «Мерген», «Қара, қара адам» және «1941 жылдың жазы» фильмдеріне постер жасаған Әсем Рамазанова типографиканың рөліне назар аударады: «Қаріп — жай ғана мәтін емес, визуалды стильдің маңызды элементі. Батыстық постерлерде фильмнің көңіл күйін жеткізуге көмектесетін эксперименталды, қолжазба немесе минималистік қаріптерді қолдану үрдісін байқауға болады». «Тараз», «Ёлки 8» және «Жауап бер» фильмдерінің постерлерінің авторы Игорь Юг қазақстандық кино дизайнерлерінің негізгі тәсілі туралы былай дейді: «Көрермен фильмнің жанрын бірден түсініп, оның эмоциясын сезінуі маңызды. Қазақстанда постерлер көбіне танымалдық пен бірден тануға бағытталады: актерлердің ірі портреттері және түсінікті түстік шешімдер қолданылады». Әлемдік киноиндустрияда көптеген детальдары, кадр тереңдігі және әсерлі визуалды тәсілдері бар күрделі композицияларға деген үрдіс жалғасып жатқанда, Қазақстанда қарапайымдылық пен нақтылыққа басымдық беріледі.

Профильді оқу
01kf370keymvqrbt9xk1b1h30h

Камила Сакен

Мектептердегі жоғары тәуекел тобындағы жасөспірімдерді жасанды интеллект көмегімен анықтауға және оқушыларға психологиялық әрі академиялық қолдауды автоматтандыруға көмектесетін қазақстандық WeGlobal AI EDTECH стартапының негізін қалаушысы. Жоба Қазақстанның барлық өңіріндегі мектептерге енгізіліп, болашақта Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) нарығына шығуды көздейді. Біз мектептен де көп нәрсені көреміз: жасанды интеллект тәуекел тобындағы жасөспірімдерді анықтауға қалай көмектеседі? Digital Bridge 2025 форумында Astana Hub Battle байқауының финалында Қазақстанда әзірленген WeGlobal AI платформасы таныстырылды. Платформа мектеп оқушыларына психологиялық және академиялық қолдауды біріктіріп, депрессия немесе дағдарыстық жағдайдағы жасөспірімдерді дер кезінде анықтауға көмектеседі. Жобаның негізін қалаушылардың бірі Камила Сәкеннің айтуынша, стартаптың идеясы нақты жағдайдан кейін пайда болған. Шағын мектептердің бірінде 15 жастағы Аружан есімді оқушы сырттай қатарластарынан еш ерекшеленбеген. Алайда ол терең депрессиядан зардап шегіп, тіпті суицид жасауға әрекеттенген. Бұл туралы мұғалімдер де, мектеп психологы да білмеген. Себебі көптеген білім беру ұйымдарындағыдай, психолог бір уақытта жүздеген оқушымен жұмыс істейді. Мәселе платформа іске қосылғаннан кейін ғана анықталған. Мектеп психологы алаңдататын белгілерді байқап, қызды әңгімеге шақырған. Әңгіме барысында оның білегінде тыртықтар бар екенін анықтаған. «Біз жұмыс істейтін бір ғана ауданда жүйе мектептер тіпті күдіктенбеген терең депрессияға шалдыққан 539 оқушыны анықтады», — деді Камила. WeGlobal AI платформасы қарапайым принцип бойынша жұмыс істейді: мектеп платформаға қосылғаннан кейін оқушылар мобильді қосымша алады. Онда олар психологиялық тесттерден өтіп, білім беру жоспарларымен және академиялық қиындықтарымен бөліседі. Жүйе жиналған деректерді талдап, педагогтарға арналған ұсыныстар қалыптастырады. Осы арқылы қосымша қолдауды қажет ететін оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қағазбастылықтың басым бөлігі автоматтандырылады. Стартаптың академиялық бағыты аясында оқушыларға қосымша білім беру өнімдері де ұсынылады: ағылшын тілі курстары, университетке түсуге және SAT емтиханына дайындық бағдарламалары. Дәл осы қосымша өнімдерді ұсыну механизмі жобаның негізгі бизнес-модельдерінің біріне айналды. Стартаптың мәліметінше, қазіргі таңда WeGlobal AI-дың жеке онлайн мектебі айына шамамен 330 мың доллар табыс әкеледі. Ал Алматыда платформаға жазылған мектептер үшін жақында өткізілген офлайн іс-шара қосымша 42 мың доллар табыс әкеліп, 22% конверсия көрсеткен. 2023 жылдың соңынан бері жұмыс істеп келе жатқан стартап өз жұмысын Қазақстаннан бастады. Бір жылдың ішінде клиент мектептердің саны 8-ден 800-ге дейін өскен. Команданың келесі мақсаты — MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) аймағына шығу. Бұл нарықтың әлеуеті 2 миллиард долларға бағаланады. «Біздің мақсатымыз — тәуекел тобындағы балаларды анықтаумен ғана шектелмей, жасөспірімдерге психологиялық әл-ауқаты мен академиялық дамуы үшін қажетті құралдарды ұсынатын тұтас қолдау экожүйесін құру», — деп қосты Камила.

Профильді оқу
01jwzeeaznnqabdyz1nxxk2gsz

Диас Кожантаев

Warner Bros. Discovery компаниясының креативті продюсері. Ол Max және Eurosport платформаларына арналған вирустық бейне-контент жасайды. 2025 жылы оның үш жобасы GEMA Awards сыйлығына номинация алды. Сонымен қатар ол актерлік бағытта да жұмыс істеп, «Dune: Part Two» фильмінің түсіріліміне қатысқан.

Профильді оқу

Келесі профильдің пайда болуына көмектесіңіз

Менторлық, chapter кездесулері және грант бағдарламалары — осындай жолды келесі буын үшін қолжетімді ететін нәрсе.